Владимир Проценконың жұмыстарындағы қарағандылық төрт маусым

Владимир Проценконың жұмыстарындағы қарағандылық төрт маусым

Қарағандының танымал суретшісі және ҚР Суретшілер одағының мүшесі Владимир Проценконың «Қарағанды: төрт маусым» көрмесі бірінші рет өтіп отырған жоқ. Атауы бірдей, бірақ суреттер жаңа болады. «Алтын ғасыр» галереясында ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерінің соңғы жылдағы 28 жұмысы қойылады.

Барлық кенептер импрессионизм стилінде жасалған және кеншілер шаһарына арналған. Тыныш көшелер мен жанданған қала даңғылдары, тарихи ғимараттар мен жақында салынған үйлер, жыл мезгіліне байланысты өзгеріп тұратын Қарағанды табиғаты – осының бәрі Владимир Проценконың картиналарында көрініс тапты.

Картиналардан басқа, көрмеде ашық хаттар жиынтығы мен магниттер ұсынылады – бұл «Кескіндемедегі Қарағанды» сериясының жалғасы.

– Өзіңіз ұнатқан почта карточкасын, сондай-ақ барлық жиынтықты сатып алуға болады. Экспозицияның жаңалығы – магниттер. Олар түпнұсқаға өте жақын кенепте басылған, – деді автор.

Суретші Владимир Проценко – халықаралық, шетелдік, республикалық және облыстық көркемөнер көрмелерінің қатысушысы. Оның жұмыстары Мәскеу, Нұр-Сұлтан, Қарағанды көркемсурет мұражайларының коллекцияларында, Ресей, Украина, АҚШ, Израиль, Канада, Ватикан, Қытай және т. б. жеке коллекцияларда сақтаулы.

Ол ҚР Президентінің резиденциясы үшін орындалған 30-дан астам жұмыстың авторы. Шебердің суреттері Парламентті, Үкіметті, көптеген министрліктер мен ведомстволарды безендіреді.

«Қарағанды: төрт маусым» вернисажы 28 желтоқсан сағат 16:00-де өтеді.

Экспозиция 16 ақпанға дейін жалғасады.

«Алтын ғасыр» галереясының жұмыс уақыты – сағат 10:00-ден 18: 00-ге дейін.