Қарағандыдан Қызылордаға және Өскеменге ұшақтар ұша бастайды

Қарағандыдан Қызылордаға және Өскеменге ұшақтар ұша бастайды

Қарағанды әуежайында қазақстандық екі әуе бағыты ашылады. Жаңа жылдан бастап ұшақтар Өскемен мен Қызылордаға ұша бастайды.

Рейстерді «Оңтүстік аспан» авиакомпаниясы орындайды.

Қарағандыдан Өскеменге әуе кемесі 5 қаңтардан бастап сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшатын болады.

Бір жаққа ұшу құны – 22 000 теңгеден басталады.

Қарағандыдан Қызылордаға рейс 5-қаңтардан бастап сәрсенбі және жексенбі күндері ашылады.

Бір жаққа ұшу құны – 18 000 теңгеден бастап.

instagram.com