Абай атындағы Қарағанды кітапханасы балаларды жаңа жылдық қойылымға шақырады

Абай атындағы Қарағанды кітапханасы балаларды жаңа жылдық қойылымға шақырады

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы 29 желтоқсан күні 10 жасқа дейінгі балаларды "Аяз Атаның хаты" атты жаңа жылдық қойылымға шақырады. Басталуы 12:00.

"Балаларды әдеби квест, Аяз Ата, Ақшақар және ертегі кейіпкерлерімен кездесу күтеді. Әрине, билер, ойындар, конкурстар ұйымдастырылады. Бұл өте қызықты, танымды және көңілді шара болады", – дейді кітапханада.