Өнер колледжі жаңа аспаптар сатып алды

Өнер колледжі жаңа аспаптар сатып алды

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінде болып қайтты.
Аймақ басшысы музыканттардың өткен жылы қоныстанған жаңа ғимаратта білім алу жағдайымен танысты. Қарағанды өнер колледжі 2017-ші жылы өзінің 65 жылдығын атап өтті. Қарағанды музыка мектебі елімізде ең үздік мамандарды даярлау оқу ұясы ретінде танымал. Алайда бірнеше жыл оқу ордасында өзінің ғимараты болмаған. Білім беру процессі оқу стандарттарына сәйкес келмейтін жағдайда әртүрлі алаңдарда өтетін.
Однако много лет учебное заведение не имело собственного помещения. Түйіткілді мәселені шешуге аймақ басшысы көмектескен еді. Колледж қазіргі таңда Мұқанов көшесінің бойындағы, жалпы ауданы 5,5 мың шаршы метрді құрайтын үш қабатты ғимаратта орналасқан. Педагогтар Ерлан Қошановқа көрсетіліп жатқан қамқорлық пен ықыласы үшін алғыс білдірді.
- Қазіргі біздің жағдайымыз өте жақсы. Ең бастысы - кеңінен орналасуымыз, - деп атап өтті фортепиано бөлімінің меңгерушісі, профессор Олег Плицын. - Біз жаңа аспаптар сатып алдық: концерттік рояль мен төрт фортепиано. Жаңарту үрдісі әлі де жалғасады деп ойлаймын.
Ұстаз қуанышымен де бөлісті - Гауһар Елеубаева есімді студенті Президенттік стипендияның иегері атанған екен. "Домбырамен ән айту" бөлімінің студенттері енді жеке сыныптарда тәлім алады. Хорлық дирижерлеу жеке кабинеті пайда болды.
Дайындық жұмыстары кең залда өтеді. Медициналық кабинет, асxана, кутапxана, сондай-ақ 70 орынға шақталған жатақxана бар.
2017-ші жылы колледжді қаржыландыру 534,5 млн теңгені құрады. Оның ішінде ғимаратты жөндеуге 79 млн теңге бөлінген болатын. Ерлан Қошанов кабинеттерді аралап шығып, концерттік бағдарламаның дайындығында болды. Педагогтар облыс әкіміне өз жетістіктері туралы айтып берді. Аймақ басшысы ұжымға білім мен шығармашылықта табысқа жетуілерін тіледі.
Өнер колледжінде 600-ден астам студенттер білім алады, оның 491-і – күндізгі бөлімде, 128 – сырттай бөлімде оқиды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 394 адам оқып жатыр. Колледж сегіз мамандық бойынша кадрлар дайындайды: «кітапқаналық қызмет»; «әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылық»; «апаптық орындау және эстраданың музыкалық өнері»; «хорлық дирижерлеу»; «музыка теаориясы»; «ән айту»; «хореографиялық өнер»; «актерлік өнер». Түлектер балалар музыкалық мектептері мен облыстың өнер мектептерінде сабақ береді. Әрбір үшінші түлек еліміздің алдыңғы қатарлы ЖОО-да кәсіби білімін жалғастырады.