Теміртау өлкетану музейінде «Мен – патриотпын» атты интерактивті көрме ашылады

Теміртау өлкетану музейінде «Мен – патриотпын» атты интерактивті көрме ашылады

Теміртау қаласының өлкетану мұражайында оқушыларға арналған «Мен патриотпын» интерактивті көрме ашылады.
- Бұл көрме орта сынып оқушыларына арналған. Біз оны оқу жылының басында өткізуді жөн санадық. Себебі балалар жазғы демалыс кезінде көп нәрсені ұмытып қалады. Бұл сол оқығандарын қайта еске түсіру десек болады. Ойыннан ақырындап оқуға көшу жолы, - дейді музей директоры Наталья Скорикова.
Көрме үш бөлімнен тұрады. Бір бөлігінде келушілерге мультимедиялық экранда негізгі мемлекеттік белгілер туралы викторина сұрақтарына жауап беруді ұсынады.
Екінші бөлімде – этнографиялық. Мұнда қонақтар арасында Қазақстан Ассамблеясына арналған экспонаттармен викторина жүргізіледі. Қатысушылар ұлыстардың сипаттамаларына негізделе отырып жәдігерлердің қай ұлтқа тән екенін бір-бірімен келістіру керек.
Үшінші бөлік Қазақстанды әр жылдары талантымен немесе ерлігімен танылған адамдарға арналған.
Көрме 1 қыркүйек ашылады және ай соңына дейін жұмыс істейді. Билет құны – балалар үшін 80 теңге және ересектер үшін 240 теңге.