
Қарағандыда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қағаз жол жүру билеттері айналымнан шығады. Қоғамдық көліктерде жол жүру төлемі ONAY картасымен немесе қолма-қол ақшамен жүзеге асырылады.
Жаңа жылдан бастап электронды айлық жол жүру билетін сатып алу мобильді қосымшада қолжетімді болады. Оны ағымдағы айдың 11-ші күнінен бастап келесі айдың 10-шы күніне дейін қолдануға болады.

Жол жүру билетін іске қосу үшін өзіңіздің көлік картаңыздың балансын 6 000 теңгеге толтыру қажет. Сонымен қатар, картада бір сапардың төлемақысы болуы керек. Яғни жалпы картада 6 080 теңгеден кем болмауы тиіс.

Жол жүру билетін активациялау схемасы: «төлемдер» бөліміне, одан әрі – «жол жүру билеттеріне» кіру және «сатып алу» батырмасын басу.

Электрондық жол жүру билетімен сіз бір ай ішінде қалаішілік маршруттарда шектеусіз сапарлар жасай аласыз.

Жол жүру билетін көлік картасы терминалға қоса берілген кезде ғана пайдалануға болады. Сатып алынған жол жүру билеті қайтарылмайды.
1 қаңтардан бастап қағаз әлеуметтік жол жүру құжаттары да тоқтатылады. Жеңілдік карталарын алмастыру жүргізілді. Егер сіз билетіңізді ауысырып үлгермесеңіз, ONAY филиалдарына хабарласыңыз. Олардың мекен-жайлары:
1. ONAY қызмет көрсету орталығы, Коммуналды к-сі, 3.
2. Open Karaganda, Назарбаев даңғылы, 39.
3. «Таир» СҮ, Бұқар жырау д-лы, 88/2 бет.
4. «Раха» СҮ, Мұқанов к-сі, 9.
5. «Ұмай» СҮ, Карл Маркс к-сі, 9.
6. «Жаңа Майқұдық» МҮ, Магнитогорская к-сі, 19.
7. «Молодежный» МҮ, Металлистов к-сі, 24/2 ст.
8. Халық банкінің бөлімшесі, Мануильский к-сі, 17а.
2022 жылдың 1 ақпанынан бастап Қарағандыда қалаішілік маршруттарда сараланған тариф енгізіледі. Көлік картасымен төлеу кезінде жол жүру құны 80 теңгені, ал қолма-қол ақшамен – 150 теңгені құрайды.
№ 107, 121, 122, 127, 146, 165 қалааралық маршруттарда электронды жолақы жоқ.