Жаңаарқа ауданының 12 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады

Жаңаарқа ауданының 12 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады

Жаңаарқа ауданында 12 көпбалалы отбасы баспаналы болды. «Жаңа нұр» шағын ауданында екі пәтерлі үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Оларды салу кезінде Жаңаарқаның өзінде өндірілген –құрылыс материалдар пайдаланылды.

Аудан әкімі Юржан Бекқожин жаңа қоныстанушыларға кілттерді табыстап, жайлы тұру үшін үйлер толық жабдықталғанын атап өтті.

– Көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету – біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Содан бері көп балалы отбасылар үшін жеке кезек құрылды. Үш жылдың ішінде біздің ауданда осындай 70 отбасы жаңа үйлердің кілттерін алды. Жыл басынан бері 39 тұрғын үй берілді. Біз қоныс иелерін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен және келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтаймыз. Оларға жаңа үйлерде бақыт пен амандық тілеймін! – деп құттықтады жаңа қоныс иелерін Юржан Бекқожин.

Гүлім Ұғзинова да жаңа жылды жаңа үйде қарсы алуға дайындалып жатыр. Келіншек тұрғын үй кезегін екі жыл күткен. Ол бес бала тәрбиелеп отыр.

– Мен жаңа жылды өз үйімде қарсы алатынымызға өте қуаныштымын. Балаларым бақытты. Бізге үй ұнайды, ол өте кең және жылы, – деді көп балалы ана.

Тәуелсіздік жылдарында Жаңаарқа ауданында 80 үй – 31 көпқабатты және 49 бір қабатты үйлер салынды. Бүгінгі күні ауданда тұрғын үй алу кезегінде 840 адам тұр, оның 132-сі «көп балалы» санаты бойынша.