
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қарағанды экономикалық университеті Қазтұтынуодағы қазақ әліппесінің латын графикасына ауысуы мемлекеттік бағдарламасын танымал ету бойынша акция өткізуде. Оған кез-келген ниет білдіруші қатыса алады.
Акция 26 қазанда 15.00-ден 17.00-ге дейін Таир-3 сауда үйінде, 2-ші қабатта (сахнада) өтеді. Акция барысында арнайы дайындалған маркерлік тақтада латын графикасымен сөздер және сөйлемдердің жазылуы көрсетіледі деп жоспарлануда. Акцияға қатысушыларға ұйымдастырушылар латын графикасы бар кітапшалар сыйлайды.
Акцияны ұйымдастырушылар: «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі, ҚЭУ Қазтұтынуодағы және «Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті» кафедрасы.