
Қарағандыда «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының XXX есептік-сайлау конференциясы өтті. Делегаттар Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асырудағы партияшылдардың рөлін талқылады.
- «Нұр Отан» үшін сапалы «қайта жүктелу» кезеңі басталды. Өздеріңіз байқағандай, соңғы жылдары партия айтарлықтай белсенділік танытуда, оның тиімділігі артты, жәнеде ең бастысы, адамдардың қарым-қатынасы өзгерді. Бұл қазір тек билік партиясы ғана емес, ол нақты іс-әрекет партиясы, - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов. – Көпшілік «Нұр Отанның» күші неде деп ойлайды. «Нұр Отанның» басты жылжытушы күші – оның алғашқы партиялық ұйымдары.
Қарағандылық партиялық ұйым республикадағы ең көптерінің бірі болып табылады. «Нұр Отан» қатарында 110 мыңнан астам адам бар. 525 алғашқы партиялық ұйымдары барқызмет етеді.
- Жәнеде бұл жай ғана есімдер тізімі емес, бұл – аса қуатты ресурс. Партияның жергілікті жерлердегі өмірі – осының барлығы «алғашқылар», сондықтан олардың жұмысын белсендірек етудің маңызы зор, - деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Қарағанды облысында партияның 10 пилоттық жобалары жүзеге асырылуда.
- Біз ауылдарда цифрлау жүйесін енгізуге қатысты өзіміздің қажеттіліктеріміз бен мүмкіндіктерімізді сараптап көрдік. Үш деңгейлі дайындықты анықтадық. Бірінші деңгей - «Балаларға арналған тегін IT-сыныптар». Бүгінгі таңда аймағымызда 64 IT-сыныптар ашылған, онда 1600-ден астам балалар оқып жатыр, - деп мәлімдеді облыстық филиал төрағасы.
Сонымен қатар мамандандырылған орталықтар мен ЖОО базасында IT-мамандарды даярлау басталды.
«Мектеп спорт алаңдары» жобасы бойынша облыста қазірдің өзінде 7 көпатқарымды корттар ашылды, оның 5-і ауылдарда. Жәнеде болашақта олардың саны тағы да арта түседі.
Партия азаматтардың әлеуметтік проблемаларын қоғамдық қабылдаулар арқылы шешуге көмектесуде. Тек соңғы екі жылдың ішінде ғана оларға 12 000-нан астам өтініштер келіп түскен.
Партияның облыстық филиалы Демократиялық күштер коалициясы, «Мирас» аймақтық кеңесінің, «Еркін пікір» ойталқы клубының диалогтік алаңына айналды.
Нұр отандықтар Елбасының Бес әлеуметтік бастамаларының жүзеге асырылуын қадағалау бойынша Қоғамдық кеңес құрған. Сондай-ақ «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуы да партиялық бақылауға алынған.
Конференцияға қатысқан «Нұр Отан» партиясының хатшысы Илья Теренченко партиялық жобаларды жүзеге асыруда қарағандылықтардың еңбегін атап өтті.
Конференция делегаттары Саяси кеңес және бақылау-ревизиялық кеңестің жаңа құрамдарын сайлады. Саяси кеңес бюросының құрамына 11 адам бекітілді. Белсенділерге партияны дамытуға сіңірген еңбектері үшін марапаттар табысталды.