Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру үшін өтінімдер қабылдау жүргізілуде

Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру үшін өтінімдер қабылдау жүргізілуде

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру үшін өтінімдер қабылдау жүргізілуде.

Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру Қарағанды облысы әкімдігінің                  2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 52/01 қаулысымен (Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 60/01 қаулысымен енгізілген өзгерістермен) бекітілген Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары шеңберінде жүзеге асырылады.

Қарыз алған кәсіпкерлік субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын белгіленген төмендетілген бөлшек/көтерме бағалар бойынша өткізуді қамтамасыз етеді.

Өтінімдерді қабылдауды «Сарыарқа» ӘКК» АҚ мамандандырылған ұйымы (ҚР Үкіметінің 2018 ж. 10.12. № 818 өкімімен бекітілген) мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: Қарағанды қ., Алалыкин к-сі, 12 (анықтама тел.: 980345)

Кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптар (критерийлер):

1) қолданыстағы сауда объектісінің (объектілердің) меншігінде не жалға алу құқығында (қарыз беру кезеңінде қолданылу мерзімімен) болуы);

2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте азық-түлік тауарларын тиісінше сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды орындауға арналған және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сауда-логистикалық инфрақұрылымы және/немесе қойма құрылыстары немесе арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлары, материалдық-техникалық базасының болуы.

Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымның қарызды қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мынадай түрде беріледі: кепіл және/немесе банктік кепілдендіру және/немесе сақтандыру шарты және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі және/немесе корпоративтік кепілдендіру. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазбаша нысанда рәсімделеді.

Қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.

Қарағанды облысы ауыл шаруышылығы басқармасының ақпараты бойынша