
Қарағандыда қазанның 26-нан 28-не дейінгі аралықта «DosStar» VIII xалықаралық оперетта және мюзикл фестивалі өтеді.
Фестиваль "Алые паруса" спектаклінің премьерасымен ашылады. Қоюшы режиссер – «Золотая маска» иегері Сусанна Цирюк (Санкт-Петербург), хореограф – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Владислав Морозов (Челябинск), костюмдер бойынша суретші – xалықаралық байқаулардың және фестивальдерінің лауреаты Татьяна Королева (Санкт-Петербург), жарық бойынша суретші және сценография – Мариинск театрының жарық бойынша суретшісі Алексей Тарасов (Санкт-Петербург).
Мюзикл КМС саxнасында 18.30-да өтеді.
27 қазанда 17.00-де Алтай мемлекеттік музыкалық театры (Ресей, Барнаул) көрермендерге «Ромео и Джульетту» қойылымын көрсетеді.
Қорытынды Гала-концертте Австрия, Литва, Ресей, Украина, Тәжікстан және Қазақстаннан келген солистер өнер көрсетеді. Гала концерт 28 қазанда өтеді, концерттің басталуы 17.00-де.
Билеттер құны 700-2000 теңге.