Тағдырға қарсы: мүгедектер қалай табысты кәсіпкерлер болады

Тағдырға қарсы: мүгедектер қалай табысты кәсіпкерлер болады

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы түрлі адамдарға көмектеседі. Оны мүгедектер де қолдануда. Қарағанды облысында осы жылы 87 мүмкіндігі шектеулі жандар кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курстарынан өтті. Олардың арасында ең мақсатқа ұмтылғандары өз ісін ашып, не болмаса бар кәсіптерін кеңейте алды.
Қарқаралы ауданының 30 жасар тұрғыны Нұржан Еркін - үшінші топ мүгедегі. Бала кезінен ол ештеңе естімейді және сөйлемейді. Алайда бұл оған мектеп бітірген бетте өз ісін ашуға кедергі болмады.
- Ұлым мектепте аяқ киім жөдеуді үйреніп алды, ол жерде осындай оқу курстары болған еді. Сол кезден бастап ол осы кәсіппен айналысып, нәпақасын осы арқылы табамын деп шешті. Өзінің мүгедектік бойынша алған жәрдемақысын жинап, сол ақшаға қажетті жабдықтарын сатып алды, - дейді кәсіпкердің анасы Бақытгүл Жекібаева.
Бастапқыда ол шеберxанасын үйінде ашқан. Сонан соң клиенттері көбейген соң шағын ғимаратқа көшкен. Осы жылдың тамызында ол Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша екі миллион теңге көлемінде несие алған. Ол оған шеберxанасын анағұрлым кеңірек орынға көшіруге, ол жерде жөндеу өткізуге, жаңа жабдықтар мен материалдар сатып алуға мүмкіндік берді.
- Қазір оның клиенттері өте көп - бүкіл ауданнан, ауылдар мен кенттерден келеді. Ұлыма оның жұбайы көмектеседі. Келніміз де мүгедек. Олар әрі қарай кеңейіп, басқа ғимаратқа көшуді жоспарлап отыр. Несиені өтеуге қатысты қиындықтары жоқ - табыстары жеткілікті, - деп бөлісті Бақытгүл Жекібаева.
Арбаға таңылған телешебер Дос Төлегенов Нұра ауданының Қарой ауылында тұрады. Ол – бірінші топ мүгедегі, туғанынан сал ауруымен ауырады.
Бұл кісі 20 жылдан астам уақыт бойы құрылғыларды жөндеумен айналысады: теледидарлар, мониторлар, магнитолалар және радио қабылдағыштар. Оның барлығын төсекте жатып істейді, себебі ұзақ уақыт бойы отыра алмайды.
- Мектеп білімін үйде алдым. Жасөспірім кезімде физикаға қызықтым – бұл менің сүйікті пәнім болды. Біртіндеп теxниканы жөндей бастадым, қолымнан келді. Тәжірибем өсе келе ермегім іске айналды. Шеберxанам үйімде орналасқан, - дейді Дос Төлегенов.
«Алтын қолды» шебер туралы атақ оның тұрып жатқан кентінен асып, жан-жаққа тараған. Теxникасын жөндеуге оған ауданның басқа да елді мекендерінен алып келеді. Тіпті Астана қаласынан да келетіндер бар. Табатын табысы отбасын - әйелі мен үш баласын асырауға жеткілікті.