Қарағандылық театр әртістері дене тілін меңгеруді үйренуде

Қарағандылық театр әртістері дене тілін меңгеруді үйренуде

К.С. Станиславский атындағы қарағандылық театрда Мәскеуден келген режиссер, ұстаз және хореограф Константин Мишин экспрессивті сахналық икем бойынша шеберлік-сыныптарын беріп жатыр.
Маман РФ театр қайраткерлерінің Одағы және Шет елдегі орыс театры қайраткерлерінің Қауымдастығының қолдауының арқасында келіп отыр. Бұл шараның өтуіне Станиславский атындағы театрдың басшысы Дунай Еспаевтың жеке байланысы септігін тигізді. Ол Константин Мишинмен бірнеше жыл бұрын Константин Райкиннің мектебінде қосымша білім курстарында танысқан болатын.
Денеміз қай тілде сөйлейді, ішкі жан дүниеміз және тән қалай байланысады, осының барлығын Ресейден келген қонақ айтып бермек.
- Ішкі болмыс пен сыртқы мәнерлілік арасындағы шек – өте жіңішке. Сәл ғана ой, кез-келген сезім сіздің денеңіздің бостығына қол жеткізуге мүмкіндік береді, жәнеде оның барлығы әрі қарай көрермендерге тарайды, - дейді Константин Мишин. – Біз қарапайым өмірде дене тілін үйреніп қалған жағдайда, құр жай ғана пайдаланамыз: отырамыз, тұрамыз, жүреміз. Ал адамның ағзасы өздігінен полифондық болып келеді. Яғни, мен – жай ғана крипка, сыбызғы немесе шеге емеспін, мен қызықты әуен ойнай алатын үлкен оркестр, көп дауысты хормын. Біз сонымен айналысамыз, осының барлығы сахналық образда қолданылуы тиіс.
Педагогтың айтуынша, қарағандылық шәкірттермен оған жұмыс істей оңайға соғып жатыр.
- Күнделікті күйбеңмен өмір сүріп, белгілі-бір жиектермен құрықталып, жаңашылдықтарға талпынбаған актёр өзін дамытпайды, өсуіне жол бермейді. Ал мен осында өте елгезек, қызықғушылық танытушы кәсіпқойлармен жүздесіп отырмын. Шығармашылық жағынан өте ашық энергетикасы мықты, жаңа тілді меңгеруге деген құлшынысы үлкен адамдармен қарым-қатынас құрған ұнайды маған, - деп атап өтті ол.
- Біздің кәсібіміз әрдайым дамып отыруды талап етеді. Оның барлығы актёрлік тәжірибеге жиналады. Бұл шеберлік-сыныптар бізге сахнада өзімізді бос ұстауға мүмкіндік береді. Дененің иімділігі, ым-қимыл – ол біздің сөздеріміздің жалғасы, - деп бөлісті қарағандылық актёр Андрей Белавин.
Театр басшылығы актёрлік шеберлікті жоғарылату бойынша ресейлік мамандармен әріптестікті әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отыр. Келесі жолы сахналық сөз сөйлеу шеберлік-сыныбы өтуі мүмкін. Дунай Еспаев сонымен қатар шет елдік сыншыларды шақырып, олар «станиславтық» қойылымдарға өз бағаларын қойғанын қалап отыр.
Константин Мишин 1972 жылы Павлодарда дүниеге келген. 16 жасар кезінде жергілікті театрда жарықтандырушы ретінде жұмыс істеген. Сонан соң Мәскеуге көшкен, онда ол театралдық білім алған. «Драма өнері мектебі» театрының жанында А. Абрамовтың экспрессивті дене иімділігі сыныбын, ГИТИСтің режиссер факультетін (Анатолий Васильевтің шеберханасын) тәмамдаған. МХАТ Мектеп-студиясында Кирилл Серебренниковтың курсында, Константин Райкиннің Театр мектебінде актерлік шеберлік бойынша дәріс берген. «Драма өнері мектебі» театрында орындау өнерінің ашық зертханасында көркем жетекші.
Актёрлік және режиссёрлік қызмет саласында тәжірибесі бар. Түрлі жобаларда әлемнің түпкір-түпкірінен келген хореографтары және режиссерлерімен жұмыстар атқарған: Sascha Waltz (Германия), MinTanaka (Жапония), Devis Freeman (Америка), Felix Rukert (Германия), Mark Tompkins (Франция), Chris Harring (Австрия).