
Облыс әкімі Ерлан Қошановтың төрағалығымен құқық бұзышылықтың алдын алу жөніндегі ведомство аралық комиссияның отырысы болды. Оған облыстың прокуратура, ҰҚК Департаменті, ІІД, жергілікті полиция қызметінің және қала басшылығының өкілдері қатысты.
Жолдардағы апаттық жағдайлар туралы Қарағанды облысының ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары Олжас Арынов мәлімдеді. Ол биылғы жылы аймағымызда 730 жол апаттары орын алғанын жеткізді. Өткен жылы ол көрсеткіш 797 болған. Соңғы бес жылдың жалпы статистикасын алар болсақ, жол бойындағы қайғылы оқиғалар саны азайып келеді. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жол апаттарының басым бөлігі болжалды.
- Әрбір үшінші жол апаты жылдамдықты асырумен байланысты болады. Ал әрбір тоғызыншы апат жаяу жүргіншілер өтетін аумақтарда ереже бұзу және қарсы жолаққа шығып кетумен байланысты. Бүгінгі таңда жол апаттарының 80% жүргізушілердің кінәсінен болып жатады, - деп атап өтті Қарағанды облыстық ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары Олжас Арынов.
Ол сонымен қатар жолдардағы апаттар санын төмендетуге септігін тигізетін бірқатар ұсыныстар жасады. Оның ішінде, трассаларда қарама-қарсы жолақтарды бөліп тұратын бөгеттер орнату, жарық шағылысатын белгілер қою және тағы да басқалары. Жолдың тік өрлеу жерлерінде бетпе-бет қақтығыстарды болдырмау үшін полицейлер «қосымша арнайы жолақтар» слуды ұсынып отыр. Олар баяу жүретін үлкен жүк көліктеріне арналады.
Сондай-ақ отырыста кәмелетке толмағандар арасындағы тәртіп бұзушылықтар мен заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтылды. Осы жылдың соңғы 9 айында облыста жасөспірімдер қылмысы сәл жоғарылағаны байқалады (151-ден 156-ға дейін). Негізінен ол ұрлықтар мен тонау. ІІД ЖПҚ бастығының м.а. Нұрлан Рахымбековтың айтуынша, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылып жатыр. «Жасөспірім», «Көше», «Түнгі қаладағы бала» және т.б. облыстық алдын жедел алдын алу шаралары шеңберінде ай сайын рейдтер өткізіледі, оларға міндетті түрде әлеуметтік педагогтер мен басқа да білім ұйымдарының қызметкерлері қатысады.
- Cондай-ақ алдын алу мақсаттарында кәмелетке толмаған қылмыскерлермен жұмыс жүргізуде, оларға әлеуметтік көмек көрсетуде, «Шанс» әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау көрсету орталығымен бірлескен жұмыс оңтайландырылды. Ол орталыққа 29 құқық бұзушы жасөспірімдер,сондай-ақ пробация ұйымында тіркеуде тұрған жазасын өтеуі шегертілген 3 кәмелетке толмаған қылмыскерлер жіберілген. Әр жасөспірімге қатысты олардың тестілеуден өтетінін ескере келе оңалу бағдарламасы құрыған, - дейді Нұрлан Рахымбеков.
Отырыс қорытындысын жасай отырып, аймақ басшысы Ерлан Қошанов іс жүзіндегі міселелерге қатысты сәйкесінше тапсырмалар берді.