Кадет сыныптарының оқушылары ант берді

Кадет сыныптарының оқушылары ант берді

Полиция бағытындағы кадет сыныптарының оқушылары отан алдында адал болуға ант берді. Антты 168 оқушы берді.
Антты облыстық ІІД бастығы Мергенбай Жаппаров қабылдады.
- Кадет сыныптарын құру бірінші кезекте патриотизмді тәрбиелеп, Отанға деген махаббатты күшейтуге, мектеп ортасында құқықбұзушылықтардың алдын алуға және мамандық таңдауға көмектесуге бағытталған. Мен шын жүректен сіздерді жеткен жетістіктеріңізбен және табыстарыңызбен құттықтаймын. Әрдайым адал және әділ болуға, заңды бұзбауға тырысыңыздар, - деді ол.
Салтанатты шарада кадеттер автоматты меңгеру машықтарын көрсетті – қаруды жылдамдыққа жинап, қайта бөлшектеді. Сонымен қатар барабаншы кадеттер де өнерлерін көрсетті.
Полиция бағытындағы бірінші кадет сыныптары 2007-ші жылы Қарағанды қаласының №91 мектебінде құрылған болатын.
Қазіргі таңда қаламызда осындай алты сынып бар. Ол жерге балаларды денсаулығына және білім деңгейіне қарай қабылдайды. Кадеттің оқу күні әр минутына дейін ессптеулі: оқушылар таңертеңнен кешке дейін дәріс алады. Түске дейін олар жалпы білім беру циклі бойынша сабақтарын оқиды. Ал түстен кейін кадеттерде сапқа тұру, қару ату дайындықтары, психология, әдеп және ҚР заңнамаларын оқу бойынша сабақтар өтеді.