«Үш жапырақтың» екі 24 қабатты үйлері осы жылдың желтоқсанында тапсырылады

«Үш жапырақтың» екі 24 қабатты үйлері осы жылдың желтоқсанында тапсырылады

Момышұлы мен Тәттімбет көшелерінің қиылысында орналасқан екі 24 қабатты үйлер осы жылдың желтоқсанында қолданысқа енгізіледі. Олардың бірінде барлық 24 қабат салынып болды, екіншісінде 17 қабат салынған.
Жаңа орталықтағы тұрғын үйлер құрылысы жайлы Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста есеп берді.
- Екі үйдің бірінде 24 қабат салынып болды, қазір 16-шы қабат деңгейінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Екінші үйде 17 қабат салынды. Орташа есептегенде құрылыс жылдамдығы – айына 4,5 қабаттан болып отыр. Желтоқсанда құрылыс аяқталады, - деп мәлімдеді ол.
Екі үйде барлығы 384 пәтер болады. Әр үйде 48 бір бөлмелі, 24 екі бөлмелі және сонша үш бөлмелі пәтерлерден болады. Бұл үйлерден баспананы несие арқылы алуға болады.
Осы ауданда салып жатқан мектеп те 2018 жылдың соңына қарай қолданысқа беріледі.
Бұған қоса, желтоқсанда «панель-центр» тұрғын үй кешенінде №1 үйдің екі блок-секциясы дайын болады.
Облысымыздың кейбір аудандарында белгіленген мерзімге сай келу үшін құрылысты қарқындату қажет. Мысалы, Жаңаарқа ауданында екі 16 пәтерлі үй әлі бітпеген. Аудан әкімінің айтуынша, мерзімнен ауытқу жазда кірпіштерді жеткізуге қатысты қиындықтар туындағанымен байланысты. Қазір жұмыстар толыққанды атқарылып жатыр.
Шахтинскіде жыл соңына дейін 60 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталады. Жезқазғанда да екі жаңа көпқабатты тұрғын үй пайда болады: несиелік және жалға берілетін пәтерлер.
Барлығы биылғы жылы республикалық бюджеттен Қарағанды облысында жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысына 1,5 млрд теңге бөлінген.