Осы жылдың қыркүйегінен бастап Қарағанды облысында жатақханаларда 550 орын бөлінген

Осы жылдың қыркүйегінен бастап Қарағанды облысында жатақханаларда 550 орын бөлінген

Елбасының үшінші әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру шеңберінде 550 колледж студенттері Қарағанды облысындағы жатақханаларда жатын орындарымен қамтамасыз етілді. Бұл көрсеткіштерге тозығы жеткен ғимрататтарды қайта қалыпқа келтірудің арқасында қол жеткізу мүмкін болып отыр. Бұған қоса, Қарағанды банк колледжінің 270 студенті жалға беру механизмінің арқасында жатақханаларға қоныстанды.

Дегенмен, аудандарда тағы да 400 адам жатақханадан бөлмеге мұқтаж. Аталмыш проблеманы келесі жылы толығымен шешу жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың желтоқсанында Балқаш медициналық колледжінің студенттері үшін баспана қолданысқа беріледі. Онда 300 адам оналаса алады. Ал келесі жылы Қарқаралыда 100 орынға шақталған жатақхана пайда болады.
Қарағандылық ЖОО қазір заманауи жайлы шарттары бар жаңа жатақханалар салу үшін инвесторлармен белсенді жұмыстар жасауда.
- Біз ЖОО өкілдері үшін жатақханалардың үлгілі жобаларын бердік. Олардың кейбірінен қымбат болғандықтан бас тартты. Дегенмен, инвесторлар іздеп, басқа да нұсқаларды қарастыруда. Біз, атқарушы билік ретінде, жатақхана жасау үшін қалыпқа келтіретін ғимараттарды іздестіріп жатырмыз. Әзірге біз Анжерская көшесіндегі ғимаратты қарастырудамыз. Онда жылумен қамту мәселесін шешу керек, ал негізі ғимарат жақсы, ол жерде бұрындары да жатақхана болған, - деді Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов бұл бағытта белсендірек жұмыс істеп, құрылысқа емес, ғимараттарды қайта қалыпқа келтіруге ерекше назар аударуды тапсырды.