
Республикалық «Күншуақ» байқауында Гран при және бірінші орынды қарағандылық бишілер иеленіп қайтты. Ол Алматы қаласында 27-28 қазанда өтті.
Жергілікті «Қуаныш» ансамблі үш номинация бойынша өнер көрсетті, жәнеде сол үшеуінде де көзге түсті.
«Халық биі» номинациясында (7-10 жас санатында)қарағандылықтар стильденген «Қараторғай» халық биін ұсынып, 1-ші орын иеленді. Дәл осы номинацияда (11-13 жас санаты бойынша) Ника Кривенко «Соёмбо» биі үшін Гран при ұтып алды.
«Эстрадалық би» номинациясында (7-10 жас санаты) ансамбль мүшелері «Біз болашақтанбыз» атты хореографиялық қойылыммен сахнаға шықты. Бұл би де үздік деп танылып, Гран при берілді.
«Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамблі 1994 жылы құрылған болатын. Ұжымның негізін қалаушы – Қорлан Мұқатова. Ансамблге Айман Тойболдина жетекшілік етеді.
Ансамблдің репертуарында 60-тан астам хореографиялық қойылымдары бар.