Ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінде ет өнімдері үлкен сұранысқа ие

Ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінде ет өнімдері үлкен сұранысқа ие

Қарағандыда сенбі күндері Олимпийская көшесі үлкен сауда алаңына айналады. Мұнда таңнан бастап қысқы азық-түлік қорларын арзан бағамен толықтыру үшін қала тұрғындары жинала бастайды.
27 қазанда осы күзде ұйымдастырылып отырған екінші «Ауыл береке» ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Сауданың ұйымдастырылуын Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қарап қайтты.
Аймақ басшысы сауда нүктелерін аралап шығып, сатушылармен және сатып алушылармен әңгімелесті. Ол адамдардан сатылып жатқан өнімдердің сапасы мен бағасы көңілдерінен шығып жатыр ма, әлді жоқ па деп сұрады. Ерлан Қошанов өзі де сауда жасап, жергілікті омарташылардан бал сатып алды.
Ауыл шаруашылық басқармасының жетекшісі Сағынжан Апақашов мәлімдегендей, бұл жәрмеңкеге аграрийлер 410 тонна өнімдерін шығарған. Саудаға қойылатын азық-түліктің әртүрлілігі сұранысқа қарай құрылады.
- Көбінесе қарағандылықтар ет сатып алды. Осы жолы біз көкөніс өнімдеріне өтініштерді азайттық, себебі бірінші жәрмеңкеде алып келген тауардың жартысы ғана сатылды, - дейді ол.
Оның айтуынша, барлық өнімдердің жалпы құны – 185 млн теңгені құраған. Жәнеде жәрмеңкедегі бағалар нарықтағыдан төмен: бір келі сиыр етінің құны 1300 теңгеден басталды, қой еті – 1100 теңгеден, жылқы еті – 1500 теңгеден жоғары болды. Көкөністер де арзан: картоп - 50 тг/кг; сәбіз – 45, орамжапырақ – 50, қызылша – 55.
Жәрмеңкеге келушілер бауырсақтар мен қымыздан ауыз тиді. Ауылдық жерлерден келген әртістер концерттік бағдарламалар қойды.
Ауыл шаруашылық жәрмеңкелері – бағаларды ұстап тұрудың жалғыз ғана құралы емес. Аймақта маусым аралықта қауіпсіздік жастықшасы болатын тұрақтандыру қоры толықтырылып жатыр.
- Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілермен тұрақтандыру қорына 950 тонна картоп пен көкөністер сақтау және жеткізу бойынша келісім шарттар жасалды. Ол осы жылға жоспарланған мөлшердің үштен бір бөлігін құрайды, - деді Сағынжан Апақашов.
Келесі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі Қарағандыда 10 қазанда өтеді. Серіктес қалаларға ауылдық өнім өндірушілер өз тауарларымен 3 қазанда келеді.