Құтқарушылар мен әскерилер «Қыс-2018» командалық-штабтық оқу жаттығуларына қатысады

Құтқарушылар мен әскерилер «Қыс-2018» командалық-штабтық оқу жаттығуларына қатысады

1 және 2 қарашада елімізде «Қыс-2018» Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығулары өтеді. Оған апаттық-құтқару қызметтерінің мамандары және әскерилер қатысады.
Оқу жаттығуларының тақырыбы - «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау»
Қарағандыда 1 қарашада апаттық-құтқару қызметтері құрылымдарының және әскери қолбасшылық органдары бөлімшелерінің, шатыр лагерлерінің дайындықтары қаралады.
2 қарашада өтетін оқу-жаттығулар кезінде қатысушылар ТЖ жоюға бағытталған қажетті іс-әрекеттерді дұрыс орындауды жетілдіреді. Сондай-ақ олар зардап шеккендерді құтқаруға жаттығады, оның ішінде құтқару авиациясы да жұмылдырылады.
ТЖД-де мәлімдегендей, оқу жаттығулары азаматтық қорғау жүйесі мен халықтың қыс мезгілінде төтенше жағдайларды жоюға дайындық деңгейін жоғарылатуы тиіс.