
Қарағанды үшін ерекше ағаштар отырғызылған аллея Оңтүстік-Шығыстағы Тәуелсіздіктің 10 жылдығы атындағы саябақта пайда болды. 103 канадалық үйеңкілер тоғысқан екі жүрек пішінінде отырғызылды.
Мұндай ерекше композицияны құруды «Через Вселенную» жастар қорының белсенділері ұсынған. Жастардың бастамасын Қарағанды әкімдігі мен Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы қолдаған.
- Біз бір жыл бойы біздің қалада қандай ағаштар салуға болатынын зерттедік. Олар ерекше, әдемі және міндетті түрде қызыл жапырақтары бар болғанын қаладық – себебі оларды жүректер пішінінде салу жоспарланған болатын. Нәтижесінде канадалық үйеңкілерге тоқталдық. Бұл ағаштар аязға төзімді, біздің климатта жақсы жерсініп кетуі тиіс. Көшеттерді біз Бельгиядан тапсырыс беріп, алдықттық. Бағасы керемет жоғары емес – бір данасы 2400 теңге. Алайда жеткізуі қымбатқа соқты. Осының барлығын біз қор жетекшілерінің және біздің әлеуметтік серіктестеріміздің қаражатына жүзеге асырдық, - дейді жастар қорының жетекшісі Данияр Құрманов.
103 ағаштан құралған композицияны бір ай көлемінде отырғызған. Ағаштарды егуге «Дарын» мектебінің, №38 және №1 гимназиялардың оқушылары, «таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушілері, қаламыздағы кейбір жекеменшік ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ «Екі жүрек аллеясын» құруға үлес қосқысы келген қала тұрғындары көмек көрсеткен.
Үйеңкілерді еріктілер мен қор жетекшілері баптайтын болады.