Қарағандыда аутизмі бар балаларға арналған орталық ашылды

Қарағандыда аутизмі бар балаларға арналған орталық ашылды

Қарағандыда аутист-балаларға арналған орталық ашылды. Ол балабақша іспеттес жұмыс істейді – балалар ол жерде күні бойы болады: күн ережесінде түскі ас, сабақ оқыту және күндізгі ұйқы қарастырылады.
Аутизмге шалдыққан балаларды дамытуға және түзетуге арналған АВА-орталығы Қарағандыда 4 қыркүйекте ашылған. Қазір онда түрлі жастағы 9 бала оқытылады.
- Балаларды 8.30-дан 9.00-ге дейін алып келеді. Алдымен біз емдік денешынықтыру, механотерапия өткіземіз. Сонан соң балалар таңғы ас ішеді. Аутистер үшін ол маңызды, оларда ас қорыту әрекеттерінің бұзылуы болады, сондықтан таңғы ас – ол да оқыту сәті болып саналады. Біз оларға дұрыс қасық ұстауды үйретеміз, дастархан басында балалар әлеуметтенеді. Таңғы астан соң оларда 10.00-ден 17.00-ге дейін түзеу сабақтары өтеді. Біздің орталықтың кестесінде ешқандай түскі ұйқы жоқ, алайда бала шаршап қалса, ол барып ұйықтай алады. Сондай-ақ балалар өз қалауынша түскі ас іше алады, аспазымыз оларға тамақ пісіріп береді, - дейді бас дәрігер Олжас Есенеев.
Әр бала үшін орталықта жеке бағдарлама құрылған. Әрбір 30 минут сайын педагог ауысып отырады – ол кішкентай емделушілерді түрлі адамдармен қарым-қатынас құруға үйретеді.
Балалармен педагогтар және АВА мінез-қылықты қолданбалы сараптау әдісі бойынша медиктер жұмыс жасайды. Ол амбулаторлық бақылауға қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие. Аутизмге шалдыққан балалар дәрігер кабинетінде, үйреншікті емес ортада өзін әдеттегідей емес ұстайды. Ал күнделікті барып жүретін мамандандырылған орталыққа балалар үйренеді. Жәнеде, сәйкесінше, ол жерде өздерін әдеттегідей ұстап, мамандарға анағұрлым толық клиникалық сипат алуға мүмкіндік береді.
- Қазақстанда аутизмді диагностикалауда проблемалар бар. Не болмаса гипердиагностика – аутизмге сөйлеу немесе психикалық дамуын жатқызатын жайттар, не болмаса гиподиагностика – аутизмнің ерекше белгілерін педиатрлар байқамайды немесе оларға мән бермейді. Біз ауқымды жұмыс атқарамыз, ҚММУ балалар аурулары кафедрасымен бірлесіп хаттама құру үшін нормативті актілер жасап жатырмыз, оны Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірге бекітіп, амбулаторлық тәжірибеге енгізбекпіз. Ол диагноз қоюда «педиатр-невролог-ПМПК комиссиясы» тізбегін қысқартуға көмектеседі, - дейді Олжас Есенеев.
Бұған қоса, дәрігер аутизммен ауыратын балалардың ата-аналары арасында да проблема бар дейді. Көбіне аналар мен әкелер не болмаса аз ақпараттандырылған, жәнеде соның салдарынан қауіпті белгілерді көре алмайды, не болмаса дәрігерге баруға және баласының ауру екенін мойындауға ұялады.
Аутизм мәселесі әлемде өткір тұр: Денсаулық сақтау дүниежүзілік ұйымының мәліметтері бойынша, әрбір 160-шы бала аутистік спектрдегі дертке шалдыққан. Олардың арасында өз-өзіне қызмет ете алатындар да бар, жәнеде өмір бойы қолдау мен көмекке зәрулері де болады.
Қазір аутизмге шалдыққан балаларды дамытуға және түзетуге арналған АВА-орталығы демеушілердің көмегі арқылы қызмет етіп отыр. Алайда, ұйымдастырушылар инвесторларды жұмылдыру және мемлекеттік тапсырыс алу жолдарын іздестіріп жатыр. Жәнеде орталықта медиктер мен педагогтердің қызметін төлей алмайтын ата-аналардың балаларына көмектесуге дайын. Олжас Есенеевтің айтуынша, баласын орталықта күні бойы қалдыруға мүмкіндігі жоқ ата-аналар кеңес ала алады. Мамандар әдістемелерімен бөлісіп, оқыту бейнелерін береді.
АВА-орталық келесі мекенжай бойынша орналасқан: Бұқар Жырау даңғылы, 33. Анықтама телефоны: 8 707 203 83 89.