Шахтинск қаласында проекциялық жаяу жүргінші өткелі орнатылды

Шахтинск қаласында проекциялық жаяу жүргінші өткелі орнатылды

Шахтинск қаласында алғашқы проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі пайда болды. Ол жарықтандыру тірегіне орнатылған жарықдиодты проектордың арқасында жұмыс істейді және қараңғыда, ауа-райының қолайсыздығында және жолдың кез-келген жағдайына қарамастан жаяу жүргіншілерге арналған белгілердің көрінуін жақсартады. 

"Ақылды" өткел Карл Маркс көшесінде, мешіт маңында орнатылды. Жүйе жол учаскесін тәулік бойы жарықтандырады. Оның жұмысы іс жүзінде ауа-райына байланысты емес.

Айта кету керек, бұрын осындай проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі Қарағандыда, Жәнібеков көшесінде орнатылған болатын.