
Қарағандыда Тәуелсіздік алаңына орнатылған бас Жаңа жылдық шыршаның шамдары жағылды. 18 метрлік жасыл ағаш көптеген әсем ойыншықтармен және гирляндалармен безендірілген.

Қала тұрғындарын келе жатқан Жаңа жылмен Аяз Ата және Ақшақар құттықтады, олар ескі жылды шығарып салып, жаңа жылға жол берді.

Сондай-ақ қарағандылықтар мен кеншілер шаһарының қонақтарын қуыршақтар қуантты. Өткен және келе жатқан жылдың нышандары – Бұқа мен Жолбарыс жиналғандардың көңілін көтерді.

– Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Жыл жақсы болсын деп тілеймін, барлық уайымдар артта қалсын. Барлығына сәттілік пен қуаныш тілеймін! – деп қарағандылықтарды қала тұрғыны Светлана Коллегова құттықтады.

Төрт жасар Варвара Юрасова да өзінің шынайы және ізгі тілектерін білдірді. Кішкентай қарағандылық жаңа жылдық қойылымға анасымен және әжесімен бірге келді. Бүлдіршін жаңа жылда ғажайыпты күтетінін жасырмады.
– Мен жаңа жыл мен Аяз Атаны асыға күтемін. Тілегімді жаздым, ол маған қуыршақ бергенін қалаймын. Менің тілегім орындалатынына сенімдімін. Баршаңызды Жаңа жылмен құттықтаймын! – деді Варвара.

Жаңа жылдық шыршаның жағылуы мерекелік отшашумен және Аяз Ата мен Ақшақардың шеруімен жалғасты.
