Балқашта 2045 жылға дейінгі қаланың Бас жоспары құрылып жатыр

Балқашта 2045 жылға дейінгі қаланың Бас жоспары құрылып жатыр

Балқашта 2045 жылға дейін есептелген қаланың жаңа Бас жоспары құрылып жатыр. Қала құрылысы құжатының жобасы қоғамдық тыңдауларда талқыланды.
Бас жоспарды құрумен Казгипроград 1 алматылық жобалық институтының мамандары айналысып жатыр. Жобалаушылар қаланың болашағын Қоңырат шағын ауданының және Саяқ кентінің дамуымен бірге қарастыруда.
Жоспарда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар коммуникациялық желілердің құрылысы бар. Су және электр қуатымен қамтамасыз етуді дамыту нұсқалары ұсынылды. Ең басты бағыттардың бірі туризмді дамытумен байланысты.
Балқаштықтар қаланы газбен қамтамасыз ету және ауыз су мәселесін шешуге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.
www.balkhash.gov.kz