
Қарағанды облысының ІІД бастығы полиция генералы Мергенбай Жаппараов қарашада аймақ тұрғындарымен кездеседі. Ведомство басшысының есептік кездесулері бес қалада өтеді: Қарағанды, шахтинск, Жезқазған, Сәтпаев және Теміртауда.
Азаматтар өз шағымдары мен ұсыныстарын бетпе-бет айтып жеткізіп, өтініш бере алады. ІІД бастығы қылмыспен күрес нәтижелері және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы айтып береді.
Қарағанды облысы ІІД бастығының есептік кездесулерінің кестесі
Қарағанды қ., 06 қараша 11.00, "Нұр Отан" ғимараты: Әлиxанов көшесі, 4;
Шаxтинск қ., 09 қараша 11.00, Балалар музыка мектебінің ғимараты: Карл Маркс атындағы көшесі, 40А;
Жезқазған қ., 14 қараша 10.00, "Нұр Отан" ғимараты: Ғарышкерлер гүлзары, 35;
Сәтпаев қ., 14 қараша 15.00, әкімдік ғимараты: Қ. Сәтпаев даңғылы, 108;
Теміртау қ., 23 қараша 11.00, әкімдік ғимараты: Тәуелсіздік гүлзары, 12.