Қарағандыда павлодарлық өлкетану мұражайы жәдігерлерінің көрмесі өтеді

Қарағандыда павлодарлық өлкетану мұражайы жәдігерлерінің көрмесі өтеді

15 қарашада облыстық тарихи-өлетану мұражайында «Тамыры терең туған жер» атты көрме өтеді. Келушілер Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қорының жәдігерлерін тамашалай алады.

Көрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде және атақты қазақ ойшылы Бұқар жыраудың 350 жылдығын тойлау аясында ұйымдастырылды.

Экспозиция павлодарлық Ертіс маңының тарихы және мәдениетімен таныстырады. Ол үш бөлімнен құралған: «Палеонтология және археология», «Шоқтығы биік жерлестер» және «В объективе Павлодарское Прииртышье».

Бірінші бөлімде бірегей палеонтологиялық және археологиялық жәдігерлер ұсынылған. Көрермендер арасында ерекше қызығушылықты мұз фаунасы өкілдерінің сүйектері тудырады: жүнді мүйізтұмсықтың бас сүйегі, бизонның алақан сүйегі және тағы басқалары.

Археологиялық топтама ерте темір ғасырынан бастап, орта ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Экспонаттар қатарында – металл қанжар, тастан жасалған құрбан шалатын жер, ерте темір дәуіріндегі керамика ыдыстар, Әулиекөл археологиялық кешенінің мазарларының жаңғыртылуы.

Көрменің екінші бөлімі - «Шоқтығы биік жерлестер» Павлодар облысының атақты ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы баяндайды.

Үшінші бөлімде көрнекті фотограф-өлкетанушы, Павлодар облысының шежірешісі Дмитрий Багаевтың фото суреттері ерекше орынды иеленген. Облыстың барлық тарихи маңызды оқиғалары уақыттың деректік куәгерлері - оның баға жетпес суреттерінде бейнеленген «Ертісте. 1912 жыл», «Ескі қаланың бұрышы», «Павлодарды Колчактан босатудан кейінгі митинг. 1918 ж.», «20 ғасырдың басындағы Коряковтың тұзды пирамидалары», «Қоныс аударғандардың қайта оралуы. 1933 ж.» жіне тағы да басқалары.