Қарағанды облысы полиция бөлімшелерінің барлық жетекшілері әскери дайындық курсынан өтеді

Қарағанды облысы полиция бөлімшелерінің барлық жетекшілері әскери дайындық курсынан өтеді

Қарағанды облысында Полиция департаментінің аумақтық бөлімшелері жетекшілерінің орынбасарлары кабинеттегі орындарын казармалық ортаға ауыстырды. Олар үшін Теміртауда орналасқан ҚР ІІМ Оқу орталығының базасында жиындар ұйымдастырылды.
Оқу бағдарламасын облыстық Полиция департаментінің Арнайы дайындық басқармасы дайындады. Бұл ішкі істер органдары құрылымындағы жаңа бөлімше, ол қазіргі заманғы талаптарды ескере келе құрылған.
Бағдарламаға тактикалық-арнайы, атыс, дене шынықтыру дәрістері, медициналық, психологиялық дайындықтар енгізілді. Жиындарда экстремалдық жағдайларда оқ ату әдістері жаттықтырылды: дене шынықтыру және психологиялық жүктеме барысында, жақын қашықтықтан жылдамдыққа және оқ өтпейтін кеудешемен.
Қызметкерлерді дачрлау казармалық шартта 6 күн аралығында өткізілді. Оқу орталығында ол үшін барлық жағдай жасалған.
- Дайындық курстарынан Полиция департаменті бөлімшелерінің барлық жетекшілері өтеді, сонан соң олар қол астындағы қызметкерлерімен жұмысты үдететін болады. Бұл дайындықтар тек қатардағы қызметкерлердің ғана емес, сонымен қатар басшылық етуші құрамның да кәсіби машықтарын жоғарылатуға мүмкіндік береді, - дейді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің Арнайы дайындық басқармасының жетекшісі Қайрат Төкешов.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы 2018 жылы Жолдауын жариялау барысында полицияда реформа жүргізуді тапсырған болатын. Полицейдің жаңа стандарты бекітіледі. Барлық қызметкерлер қайта аттестациядан өтуі тиіс. «Азаматтардың санасында полицей жазаламайды, ол қиын жағдайда көмекке келеді деген ұғым қалыптасуы тиіс», - деді ел Президенті.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша