Қарағандыда коммуналдық қызметті пайдалануды қадағалайтын қосымша жасалып жатыр

Қарағандыда коммуналдық қызметті пайдалануды қадағалайтын қосымша жасалып жатыр

Қарағандыда коммуналдық қызметті пайдалануға мониторинг жүргізуге арналған бағдарлама құрылып жатыр. Ол жайлы Энергетика және ТКШ басқармасының жетекшісі Ұлантай Үсенов мәлімдеді.
Қосымшаны «е-шаңырақ» республикалық бағдарламасына қосалқы ретінде жасап жатыр.
- Бұл мәліметтер базасында еліміздің барлық қызмет көрсетушілері, барлық ПИК туралы ақпараттар жинақталған үлкен портал. Бағдарламада бірыңғай төлем жүйесі де қарастырылады деп болжалуда. Бұл республикалық жоба. Біз де Қарағандыда цифрандыру саласында түрлі нұсқаларды қарастырдық, бірақ ең тиімді шешім - іс жүзінде бар бағдарламаға қосалқы қосымша жасау болады деп ұйғардық, - дейді Ұлантай Үсенов.
Қосымшада пайдаланған коммуналдық қызметтің көлемі мен сапасын қадағалап отыруға болады деп жоспарлануда. Жаңартылған электр энергиясы есептеуіші мен тұрғын үйлердегі жертөлелерде орналасқан жылу есептеуіш құрылғылардан мәліметтер ортақ серверге барады және қосымшада келтіріледі. Осылайша, тұтынушылар қанша электр қуатын жұмсағандарын тексере алады. Жәнеде жылу бекітілген температуралық нормаларға сай келген-келмегенін бақылау мүмкіндігіне ие болады.
Қазір қосымша пилоттық режимде Қарағанды және Балқашта сыналып жатыр. Ол әзірге қала тұрғындары үшін қолжетімді емес – мамандар жаңашылдықты қысқы аяздардың шарықтау кезінде сынап көрмекші. Егер сынақтар сәтті өтсе, бағдарламаны тегін түрде смартфонға немесе компьютерге орнатуға болады.