
Келесі жылы Қарағандыда аутизм және менталды бұзылыстары бар балаларға арналған орталық ашылады. Балаларды әлеуметтендіру ғана емес, сонымен бірге ата-аналарды оқыту да көзделіп отыр.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің ата-аналармен және ведомство басшыларымен кездесуінде дамуында ерекшеліктері бар балалардың білім алуына, оңалтуына, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына қолжетімділік мәселелері талқыланды.
Келесі жылы атқарылатын жұмыстар мен жоспарлар туралы облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова хабарлады.
– Осы жылдың қазан-қараша айларында тегі бойынша мониторинг жүргізілді. Бүгінгі таңда 155 мектепке дейінгі ұйымда, 404 мектепте және 33 колледжде арнайы кедергісіз жағдайлар жасалған. Қамту тиісінше 36, 81 және 50,7% құрады.
Облыс мектептерінде барлығы 2 748 мүмкіндігі шектеулі бала оқиды. Олардың 50%-дан астамы қосымша біліммен қамтылған.
Оның айтуынша, ведомство инклюзия бойынша барлық мәселелерді пысықтау үшін Жол картасын әзірледі. Теміртауда екі балабақша қайта құрылды. Енді оларға ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар келеді. Сонымен қатар, сөйлеу қабілеті бұзылған және психикалық дамуы тежелген балаларға арналған топтар ашылды. Сондай-ақ, қалада облыстық оңалту орталығы ашылды.
2022 жылы Қарағандыда жалпы білім беретін мектептер базасында инклюзияны қолдау бойынша тағы үш кабинет ашылуға тиіс. Сәтбаев қаласында түзету кабинеті ашылады. Аутист балалармен жұмыс істеу үшін педагогтерді мінез-құлық талдауына оқыту және педагог-ассистенттерді даярлау жалғастырылады. Бүгінгі таңда облыста 114 тьютор жұмыс істейді, олар даму ерекшеліктері бар оқушыларға мектепте білім алуды жайлы етуге көмектеседі.
Келесі жылы Бөкетов атындағы ҚарУ "Арнайы педагогика" инновациялық оқыту бағдарламасын енгізуді жоспарлап отыр. Студенттерді педагог-ассистенттер жұмысқа мақсатты түрде дайындайтын болады.
Өңірде ерекше қажеттіліктері бар балалардың спортпен шұғылдануы үшін жағдайлар жасалуда. Жалпы облыс бойынша осындай мыңнан астам бала спортпен шұғылданады. Мемлекеттік спорт мекемелері де, жеке меншік мекемелер де бар. Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаевтың айтуынша, кадр мәселесі бар.
Кездесу барысында ата-аналар тек оқуға ғана емес, сонымен бірге ерекше балаларының болашақ өміріне де қатысты көптеген сұрақтар қойды. Осы бағыттағы жұмысты жақсартуға және жеделдетуге көмектесетін ұсыныстар айтылды.
– Бір жыл ішінде бірнеше кездесу барысында көптеген мәселелер көтерілді. Проблемалар шешіле бастады, бірақ әлі де көп жұмыс істеу керек, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.