
Нұра ауданының Шұбаркөл ауылында коворкинг-орталық ашылды. Мұнда белсенді жастар қарым-қатынас орнатып, идеялармен алмасады және бос уақытын пайдалы өткізе алады.

– Коворкинг-орталықты жастар тиімді пайдаланады деп үміттенеміз. Бізді прогрессивті және талантты жастардың жобалары қызықтырады. Бұл орталық жаңа бастамаларды жүзеге асыру алаңына айналатынына сенімдімін, – деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Қадыр Шабанбаев орталықтың ашылуында.

Коворкинг-орталықта жастар өз жобаларын, идеяларын талқылай алады, іскерлік кездесулер, пікірталастар, дәрістер, семинарлар, шеберлік сабақтарын, тренингтер және т. б. ұйымдастыра алады.