
Нұра ауданында ауыл жастарының форумында ісін енді бастаған кәсіпкерлерге облыс әкімінің гранттары табысталды. Алты адам миллион теңгеден алды.

23 жастағы Тәуіржан Зекенов осы жылдың сәуір айында шлак блоктарын шығаратын цехын ашты. Ісін бастау үшін жас жігіт өз жинақтарын пайдаланды. Грант алуға арналған конкурс туралы білгеннен кейін, ол оған қатысуға шешім қабылдап, өз бетінше бизнес-жоспар құрған. Алынған қаражатқа кәсіпкер көбік пен құм блоктарын өндіруге арналған жабдықты сатып алмақшы.
– Нұра ауданында осыған ұқсас бірнеше цехтар бар, бірақ өнімге сұраныс өсуде, тұтынушылардың тапсырыстары әрдайым орындала бермейді. Сондықтан осы тауашаны зерттей келе, мен көбік блоктарын, құм блоктарын, ал болашақта газ блоктарын өндірумен айналысуды шештім, – деді Тәуіржан Зекенов.

Сондай-ақ, Нұра ауданында жақын арада наубайханалар, мал шаруашылығы, кондитерлік өнімдер шығаратын өндіріс пен ателье пайда болады.