Қарағандыда Қарасай Сайжановтың авторлық концерті өтеді

Қарағандыда Қарасай Сайжановтың авторлық концерті өтеді

Қарағандылықтарды күйші, композитор және дирижер Қарасай Сайжановтың «Бабалар аманаты» атты концертіне шақырады. Ол 16 қараша 18.30 «Шалқыма» концерт залында өтеді.

Концерт Қарасай Сайжановтың 70 жылдығына орайластырылған. Бағдарламаға Тәттімбет атындағы қазақ ұлттық аспаптар академиялық оркестрі қатысады. Көрермендер алдында сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болатхан Тәшімов, ҚР мәдениет қайраткерлері Балтабек Смағұлов Құрмаш Ғәбделов өнер көрсетеді. Сахнаға халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Айдар Қаппасов, Дулат Аханов, Гүлмира Тапай, Нұрбол Темірғалиев, Боташ Ноғаева, Бақыткүл Қасымова, Жеңісгүл Ахметова, Алмат Сайжан мен Марат Жанғазы шығады.

Дирижерлер –Дүйсен Үкібай және Әбуғалисын Шоқанбаев.

Қарасай Сайжанов – танымал кәсіби дирижер, күйші, композитор, музыка зерттеушісі, ҚазҰӨИ ұстазы, доцент, ҚР мәдениет қайраткері.