Қарағанды облысындағы жылыту маусымының өту барысы туралы

Қарағанды облысындағы жылыту маусымының өту барысы туралы

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы
бойынша аумақтық департаментте күзгі-қысқы кезеңінің өту барысы жөнінде жиналыс өтті. Оған сондай-ақ энергия кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында, «Bassel Group LLS» ЖШС-тің өкілдері №10 қазандығын жөндеудің аяқталуы туралы мәлімдеді. Сонымен қатар, «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС мәлімдеуінше, газандытурбиналық цехының бас өндіріс корпустың шатыр жөндеу жұмыстары аяқталуда.
Сонымен бірге, ТЭЦ-2 АҰ «АрселорМиттал Темиртау» хабарлағандай, №3 қазандығын жөндеу жұмыстарын өткізді.
Кеңестің қорытындысы бойынша, энерго кәсірорындардың басшыларына келесі түсіндірмелер мен нұсқаулар берілді.
1. Облыстың тұрғындарын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз
ету және жөндеу компания жұмыстардың үзілмеуіне, қосымша
әрекеттер қабылдау қажет;
2. жылу желілері жұмысының температуралық режимдерін бекітілген
кестелер бойынша қадағалау;
3. Энергия ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын
қорының нормаларын сақтау;
4. Энергия кәсіпорындарының күзгі-қысқы кезеңде энергетикалық
жабдықты пайдаланудың жай-күйіне бақылауды күшейту.

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы
бойынша аумақтық департаментінің ақпараты бойынша