Қарағандыда саңыраулар Мәдениет үйінде клоундар халық театрының 30 жылдығы атап өтілді

Қарағандыда саңыраулар Мәдениет үйінде клоундар халық театрының 30 жылдығы атап өтілді

Қарағандыда саңыраулар Мәдениет үйінде «Браво» клоундар халық театрының 30 жылдық мерейтойы атап өтілді. Бұл ұжымда саңырау және есту мүмкіндігі төмен әртістер өнер көрсетеді.
Театр 1998 жылы Саңыраулар мәдениет үйінің жанынан құрылған болатын. Бастапқыда репертуар буффонадалық клоунада нөмірлерінен құралған. Ал қазіргі күндері актёрлер кез-келген жанрда ойнай алады. Әр қатысушыда комиктің, мимнің және бишінің дарыны ашылған.
Осы жылдар аралығында халықтық ұжым көрермендер махаббатына бөленіп, халықаралық сахналарда мойындалды. Театрдың қоржынында республикалық және халықаралық байқауларда қол жеткізген марапаттар бар.
Мерейтойлық концертте актёрлер өздерінің отыз жылдағы ең үздік клоунадаларын көрсетті: «Оркестр», «Джигитовка», «Фотографы» және тағы басқалары. Мерекелік шарада қонақтар – жаттықтырылған көгершіндері бар «Фееверия» ұжымы мен «Молодые сердца» халық циркі өнер көрсетті.
Қарағанды облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ақпараты бойынша