Қарағандылық полицейлер самбо бойынша республика чемпионатында төрт медаль ұтып алды

Қарағандылық полицейлер самбо бойынша республика чемпионатында төрт медаль ұтып алды

Маңғыстау облысының Ақтау қаласында 15-18 қарашада құқық қорғау органдары, арнайы және әскери құрылымдар арасында ҚР ІІМ чемпионаты өтті. Қарағанды облысының құрамасына 9 полиция қызметкерлері енді. Жалпы командалық есепте қарағандылықтар ұшінші орынды иеленді.
Жеке есепте келесі жерлестеріміз жеңімпаз атанды: Осакаровка ауданынан Бейімбет Қанжанов (57 кг салмақ дәрежесі) және Шет ауданынан Айдын Дартаев (82 кг). Екі палуан да учаскелік инспектор көмекшісі болып қызмет етеді және полиция аға лейтенанты дәрежесіне ие.
10 келі абсолютті салмақ дәрежесінде облыстық ПД взвод командирі, полиция майоры Нұржан Халилин қола медальді иеленді. Сондай-ақ 62 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынды полиция аға лейтенанты Тайбек Омаров ұтып алды.
Айта кету керек, полицейлер арасында самбо танымал спорт түрі болып табылады.
Қарағанды облыстық Полиция Департаменті баспасөз қызметінің таратқан ақпараты бойынша