
Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. Бұл құжат «Рухани жаңғыру» жалпы ұлттық бағдарламаның қисынды жалғасы болып табылады. Сарапшылардың пікірінше, Елбасының бағдарламалық мақаласы болашаққа бағдар беріп, онда ұлттық код қайнар көзі, халқымыздың генетикалық естелігі түсіндіріледі.
Қазақстандықтар мақаланың серпілісін талқылауда. Өз пікірін қарағандылықтар да білдірді.
«Ұлттық тарихты ұғыну кез-келген мемлекеттің стартегиялық маңызды міндеті болып табылады. Ол тек халықтың, мемлекеттің адамзаттың жаһандық тарихында алар рөлі мен орнын ғана көріп және бағалап қоюға емес, сонымен қатар өзіндік саяси, тарихи, әлеуметтік-мәдени, дүниетанымдық және геостратегиялық императивтерін белгілеуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті PhD докторы, ҚарМТУ Қазақстан халқы ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Динара Шорманбаева. – Ел Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болды. Онда елбасы алты жаһандың жобадан құралған тарихи сананы жаңғыртудың нақты бағдарламасын ұсынды. Оларды жүзеге асыру ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасын өзекті етіп қана қоймай, жалпы гуманитарлық білімді дамытуға серпін береді».
Алғашқылардың бірі болып мақалаға қатысты тарихи естелік тақырыбына етене жақын мұражай қызметкерлері де пікірлерін білдірді.
«Қазақ мәдениеті мал өсіруші және жер өңдеуші тайпалардың көптеген материалды және рухани мәдениетін мұра етіп алған және оларды жаңа сарынмен байытып осы күнге дейін алып келген. Көркем қолөнерді дамыта келе, қазақ халқы Қазақстан мұражайларының негізгі топтамалары болған және халықаралық, бүкілресейлік көрмелерде негізгі топтама болған бірегей бұйымдарды жасап шығарған, - дейді Балқаш тарихи-өлкетану мұражайының жетекшісі Азиза Сейілханова. – Мемлекет пен халықтың шежіресін сақтап келуші мұражайлар болып табылады. Дәл солар өткенге көз тастауға мүмкіндік беріп, түрлі өркениеттер мен ата-бабалардың мәдени мирасын көрсетеді. Біз, мұражай қызметкерлері, Елбасының мақаласында ұсынылған барлық жобаларды қолдаймыз, жәнеде оларды іске асыруға дайынбыз».
«Ұлы даланың ежелгі ойшылдарының сөздері бүгін де өзекті. Ол өсиетті сөздерде ақыл мен басқа ұрпақтар үшін бағыт көрсетілген. Қазір де Қазақстан өз назарын Ұлы даланың қанар көзіне тастап отыр. Өзінің мақаласында Елбасы біздің әрі қарайғы жұмысымыздың басты мақсатын атап өтті: «Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс». Өз халқының өткенін білмей, оның болашағын құру мүмкін емес, - деп атап өтті Саран қаласының тарих пәнінің мұғалімі Марина Надежкина. – Елбасының мақаласы «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламаның жаңа құрамасы болады және оны цифрлық өркениет жағдайында түсінікті және сұранысқа ие етіп, ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасын өзекті етуге мүмкіндік береді».
Мақаланы қолдайтындарын жастар қауымы да білдірді.
«Елбасы өзінің мақаласында бізге өткенімізді көріп, ұғынуға көмектесетін бағдарламаларда көрсетті. Әрбір халық – тарих, мәдениет, жетістіктердің квинтэссенциясы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазіргі ұрпаққа ұлы ата-бабаларымыздың жетістіктерін құрметтей отырып, алға жылжуға мүмкіндік беретін жаңа құрамалармен толыққаны қуантады», - деп санайды Шахтинск қаласының Жастар ресурс орталығының қызметкері Светлана Исакова.
«Біздер, болашақ ұстаздар үшін Елбасының «Біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз» деген ойы өте бағалы болды. Бүгінде жаңартылған білім құрамы бағдарламасы шеңберінде тәрбие жұмысында өз тарихына деген патриоттық сезімді ұялату маңызды болып табылады. Бұл жұмыстарды мектеп қабырғасынан бастау керек. Бұл ретте Ұлы даланың ғұлама тұлғаларымен байланысты жобалар маңызды рөл атқарады», - деп бөлісті өз ойымен ҚарМУ филология факультетінің магистранты.