
Қарағандыда екінші дәрежелі тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама құрылды. Осылайша, билік басындағылар «Баспана» ипотекалық ұйыммен бірлесіп, жаңадан салынған үйлердегі пәтерлер жеткіліксіздігінің орнын толтырмақ.
Жаңа бағдарлама туралы «Баспана» ипотекалық компаниясының баспасөз хатшысы Айбар Олжаев айтып берді.
- Бұл бағдарлама нарықтық, дегенмен тұтынушылар үшін басқа банктермен салыстырғанда төменгі пайыздық мөлшерлеменің арқасында тиімді болып табылады. Біздің мөлшерлеме 11% тең және Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесіне тәуелді – қазіргі таңда ол 9,25% құрайды. Екінші деңгейлі банктер өздерінің мөлшерлемелерін Ұлттық банктікіне қарағанда кем дегенде екі есеге артық етіп қояды. Демек, біздің ұсынысымыз қайткенде де тиімдірек, - деп түсіндірді ол.
Бұл бағдарлама бойынша ипотеканы 15 жылдық мерзімге және алғашқы жарна тұрғын үй құнының 20% құрағанда беріледі. Жәнеде несие алушының баспанасы бар немесе жоқтығы оған әсер етпейді. Несие алушының төлем қабілеттілігін несие беруші банктер анықтайды. Орташа есептегенде, ипотека алу үшін ай сайынғы табыс төлемен кем дегенде екі есеге артық болуы тиіс. Мысалы, егерай сайын несиені жабуға 60 мың теңге төлеу керек болса, бағдарламаға қатысушының айлығы 120 мың теңгеден кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, егер алғашқы жарна сомасы түрғын үй құнының 20% көбірек болса, қарыз алушының төлем қабілеттілігіне талаптар жа төменірек болады.
«Баспана-хит» шарттары қосалқы қарыз алушыларды жұмылдыруға және ипотекалық қарызды мерзімінен бұрын жабуға мүмкіндік береді.
«Баспана-хит» бойынша несиені «Цеснабанкте» алуға болады. Болашақта бағдарламаға еліміздің басқа да ірі банктері қосылады.
Бүгінгі таңда бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 20 миллион теңгені құрайтын 5 несие берілді.
«Баспана-хит» осы жылдың тамызында құрыла бастады. Ал өтінімдер қарашаның басынан бері қабылдануда.