Жас қарағандылықтар «Thinkathon Цифрлық Қазақстан» байқауында өз ойларын ортаға салады

Жас қарағандылықтар «Thinkathon Цифрлық Қазақстан» байқауында өз ойларын ортаға салады

«Thinkathon Цифрлық Қазақстан» идеялар байқауы 24 қарашада ҚарМУ бас корпусында өтеді. Қатысушылар мекеменің жұмысындағы және күнделікті өмірдегі цифрландыру мәселелерін талқылайтын болады.
Thinkathon — бұл қатысушылары 5-7 адамнан командаларға бөлініп, «Цифрлық Қазақстан» тақырыбы бойынша мәселелердің шешімін ұсынатын бір күндік шара. Байқауды ұйымдастырушылар келесідей сұрақтар үлгілерін ұсынады:
- Сіздің аймақтың стартап Хабы: ол қандай болады, қандай бағыттар табысты болады, оларды кімдер сатып алады?
- Ақпаратқа тең қолжетімділік: аймақтар неліктен азырақ біледі және процесстерді жылдамдату үшін цифрлық технологияларды қалай қолдану керек?
Байқауға қатысушылардың жас мөлшері – 18-30 жас. Командалар ҚарМУ-де жиналып, тапсырмалар алып, өз шешімдерін ортаға салады. Ең белсенділер бағалы сыйлықтар алады. Ең үздік шешім және ең тиімді идея, байқаудың үздік спикері және ең үздік сұрақ атап өтіледі.
«Thinkathon Цифрлық Қазақстан» идеялар байқауы 9.30-дан 17.00-ге дейін ҚарМУ бас корпусында (Университет к-сі, 28) өтеді.