Қарағанды облысында өндірісте жұмыс істейтін сертификатталған тәлімгерлер даярланды

Қарағанды облысында өндірісте жұмыс істейтін сертификатталған тәлімгерлер даярланды

Қарағандылық кәсіпорындарда 2019 жылы кәсіби тәлімгерлер пайда болады. олар жас мамандарды оқытқаны үшін төлемақы алып отырады.
Дуалдық білім беру мәселелері аймақтық Кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстел барысында талқыланды. Осы саладағы жаңашылдықтар жайлы «Атамекен» ҚР ҰКП, «Қаржы орталығы» АҚ және ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің өкілдері талқылады. Кездесуге төрт облыстың жұмыс берушілері жиналды: Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарынан.
«Атамекен» ҰКП және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша тәлімгерлік заңнамаға енгізілген. Дуалдық білім бойынша үлгілі келісімшарт бекітілген.
- Белгілі бір әдістемелер, адам басына қаржыландыруды есептеулер бар, ол жерде тәлімгерлердің еңбекақысын төлеу қарастырылған. Оларға кейбір өзгерістер енгізіледі. Тәлімгерлер өндірістік оқытудың күрделілігіне қарай сәйкесінше жалақы алып отырады, - деп мәлімдеді «Қаржы орталығы» АҚ білімді мемлекеттік қаржыландыруды дамыту департаменті директорының орынбасары Айнұр Кәдесова.
Жұмыс берушілердің талаптары бойынша білім беру бағдарламалары құрылып жатыр.
- Тәлімгерлік институты өндірістердегі шеберлердің біздің студенттерді оқытуға ынтасы пайда болуы үшін құрылып отыр. Ал колледждер бұрыңғыдай оларға теориялық дәрістерін беріп отырады. Тек бірлесіп қана біз елімізге жоғары білікті мамандарды даярлап шығара аламыз, - дейді ҚР БҒМ техникалық және кәсіби білім департаменті басшысының орынбасары Ернат Жүнісов.
Оның айтуынша, тәлімгерде 10 шәкірті болған жағдайда, ол айына 60-80 мың теңге алып отырады. Бір оқушы үшін 6 000-нан 8 000-ға дейін төлем қарастырылады. Қазіргі таңда қаражатты жұмыс берушіге немесе тәлімгердің өзіне аудару мәселесі шешіліп жатыр.
«Атамекен» ҰКП бастамасы бойынша тәлімгерлік мектебі ұйымдастырылған. Қарағанды облысында 24 кәсіпорындардан 130 тәлімгер оқудан өтіп, сертификаттар алған.
Қарағанды облыстық Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша