Қарағандылықтар Швецияда өткен джиу-джитсу бойынша әлем чемпионатында күміс жүлде ұтып алды

Қарағандылықтар Швецияда өткен джиу-джитсу бойынша әлем чемпионатында күміс жүлде ұтып алды

Мальмё қаласында (Швеция) 20-26 қараша аралығында өткен Джиу-джитсу бойынша әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қатарында қарағандылық Нұржан Сейдуәлі өнер көрсетті. Спортшы «Шұбаркөл көмір» АҚ көмір разрезінде учаскелік маркшрейдер болып қызмет етеді.
Біріншілікке 55 елдің 3000 спортшысы қатысты. Нұржан Сейдуәлі 56 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Бірінші кездесуде қарағандылық джитсер Оңтүстік Кореядан келген қарсыласын жеңіп, сайыстың келесі шеңберіне өтті. Келесі жекпе-жегін ол құраманың нөмірі екінші спортшысы болып табылатын қазақстандық Қуандық Қонысовпен өткізіп, 6-4 есебімен жеңіп шықты.
Ақтық сайыс күрделі болды. Нұржан Сейдуәліге қарсы БАӘ спортшысы шықты. Жекпе-жектің басында қазақстандық үш ұпай жинап алды, алайда соңыра төрелер тарапынан айтылған ескертпелер үшін есеп теңесті. Бұл ескертулерді назарға алынып, нәтижесінде қарағандылық джитсерге екінші орын берілді.
Осы секілді турнирлерде спортшылар тек медаль үшін ғана емес, сонымен қатар әлемдік рейтингтегі ұпайлар үшін де күрес жүргізді. Күміс жүлде Нұржан Сейдуәліге аталмыш кестеде өз салмақ дәрежесі бойынша бірінші орынды қамтамасыз етті.
«Шұбаркөл көмір» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша