
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының сахнасында 22 және 23 желтоқсанда башқұрт драматургі Флорид Буляковтың "Отырған қыз..." комедиясының премьерасы өтеді. Басталуы 18:30.
Қоюшы режиссері – Бекмұхамет Киікбаев, қоюшы суретшісі – Жәлел Садырбеков.

Күлкілі драманың әрекеті қарттар үйінде өтеді. Бұл мекемеге қартайған шағында төрт егде әйел келіп түседі. Әжелер емес, әйелдер, өйткені қартайғанына қарамастан, олар өздерін осылай қабылдайды. Әйелдер әлі күнге дейін комплименттер күтеді, қылмыңдайды және оларға қарт әйелдер деп айтса, жәнеде қарияларға секілді қараса, қатты ренжиді.
Әр бейненің түбінде ерекше тағдыр бар. Қарттар үйіндегі бөлмесі және аз ғана зейнетақысы – әйелдердің өміріндегі бар нәрсесі. Бірақ олар үшін кенеттен мерекелік өмір басталады. Қариялар үйіндегі күңгірт өмірлеріне көрші ауылдан келген башқұрт Абдулла жарық түсіргендей болады.
Режиссер ерекше қулықтар мен ізденістерге бармай, жанды жылытатын спектакль қойды.