Қарағанды облыстық Кәсіпкерлер палатасының мәлімдеуінше, биылғы жылы 1000 астам аймақ тұрғындары «Бизнес-мектепте» білім алды. Бұл өз бизнесіңді құруға, маркетинг, кәсіпкерліктің құқықтық негіздерін, сатылымдар мен қаржыны басқаруға, әскерлік келіссөздер жүргізуге үйрететін ауқымды білім беру жобасы.
«Бизнес-мектеп» үш компоненттен тұрады: «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Өсім» және «Тәлімгерлік қағидаларын қолдану арқылы жобалық оқыту». Дәрістер интерактивті режимде, тәжірибелік жағдайлар мен жаттығуларды қолдана отырып өткізіледі.
- Біздің алдымызда «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша 850 қарағандылықтарды оқыту міндеті тұрды. Біз 17 және 69 жас аралығында 1028 адамды оқыттық. Олардың 666-ы Қарағанды тұрғындары және 362-і облысымыздың аудандарынан. Айта кету керек, оқудан өткен азаматтардың 135-і мемлекеттік бағдарламалар бойынша жалпы сомасы 544 млн теңгені құраған қаржыландыруға қол жеткізді, - дейді Қарағанды облыстық Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы Аянна Тыныбаева.
«Бизнес-Кеңесші» бағыты бойынша тек әрекеттегі кәсіпкерлер ғана емес, сонымен қатар өз бизнесін енді ғана бастауды жоспарлап отырғандар да білім ала алады. Бұл курс түлектері – шағын және орта бизнес өкілдері оқуды «Бизнес Өсім» жобасында жалғастыруға мүмкіндіктері бар. 2018-ші жылы ол бағыт бойынша 150 кәсіпкер оқудан өтті.
«Бизнес мектептің» үшінші компоненті - «Тәлімгерлік қағидаларын қолдану арқылы жобалық оқыту» бойынша оқудан 77 қарағандылықтар өтті.
- Бұл жобаның мақсаты – кәсіби білім беру. Оқушылар аудандарда, шағын қалаларда және облыс орталықтарында белгілі бір бизнес түрін ашып, оны дамыту бойынша қадамдық нұсқаулық алады. Олар табысты кәсіпкерлер мен салалық мамандардың қатысуымен тәжірибелік машықтарын меңгереді. Жобалық оқытудың нәтижесі бойынша тыңдаушылар жалпы сомасы 193 млн теңгені құраған 36 жобаны жүзеге асырды, - деп түсіндірді Аянна Тыныбаева.
«Жас кәсіпкер мектебін» биыл 65 адам тәмамдады.
«Бизнес-Мектеп» келесі жылы да жалғасатын болады. Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы болашақ, енді бастап келе жатқан және әрекеттегі бизнесмендерді «Бизнес Кеңесші» жобасына қатысуға шақырады. Дәрістер қаңтардан басталады.
Оқу курстары келесі мекенжай бойынша өтеді: Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 29, Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығында, сонымен қатар облысымыздың барлық аудандарында орналасқан Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталықтарында. Толығырақ ақпаратты келесі телефон нөмірі арқылы білуге болады: 8 (7212) 50-64-12.