Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов кетер жылдағы қорытынды аппараттық жиналыста жұмыстар нәтижесін келтірді. Аймақ басшысы анағұрлым маңызды және өзекті жобалар уралы тоқтала кетті.
- Жалпы бүгінгі таңда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жақсы. Біздің дамуымыздың сипаты қарқынды әрі тұрақтылығымен ерекешеленіп отыр, - дп атап өтті облыс әкімі. – Өнеркәсіптегі өсім шамамен 2,3% құрады. Облысқа белсенді түрде инвестициялар жұмылдырылуда, жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш бойынша 26,6%-ға дейін деңгей көтеріледі деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарының 19% өсті. Әрекеттегі шағын және орта бизнес нысандары 4,3% көбейді. Жұмыссыздық деңгейі 4,5% төмендеді.
2019-шы жылға мақсат қойылды – экономика өсімінің 5,1% жоғарылауын қамтамасыз ету. Қаржылық түрде бұл көрсеткіш 5 трлн теңгеге жетуі тиіс.
Ерлан Қошанов биылғы жылы жүзеге асырылған анағұрлым ірі жобалар туралы да тоқтала кетті. Олардың қатарында – Жезқазған мыс балқыту зауытындағы екінші пештің іске қосылуы, Саран қаласындағы күн электр станциясының құрылысы. Глинкор трансұлттық компания және Казцинк құны 100 млрд теңгені құрайтын фабриканың құрылысын бастады.
Шағын несиелеуді дамыту үшін өңірлік шағын несиелік ұйым құрылды. Балқаш көлінің курорт аймағы туристификация картасының ТОП-10 енгізілді.
- Ұзындығы 44 шақырымды құрайтын Қарағанды қаласының Солтүстік және Шығыс айналып өту жолдарын қалыпқа келтіру жалғасуда. Бұл мега-жоба құны 36 млрд теңге. Келесі жылы біз оны аяқтаымыз қажет, - деп мәлімдеді аймақ басшысы.
2019-шы жылы жолдарды жөндеуге бюджеттен 14,6 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдар жөнделетін болады. Бұл мақсаттарға ауқымды қаражат қарастырылған.
Облыстық бюджеттен «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сертификаттарына 1 млрд теңге бөлінді.
- Біздің басты бағытымыз – азаматтардың өмірін жақсартуға қатысты жұмыстар. Біз келесі жылдың ең маңызды мәселелерін анықтадық. Ол – тарифтерді төмендету, көмірдің қолжетімділігі, «7-20-25», әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары, еңбекақыны жоғарылату, медициналық көмектің, білім беру қызметінің, спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін жоғарылату, жұмыс орындарын құру, - деп қорытындылады Ерлан Қошанов. – Алда бізді барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулері күтіп тұр. Біздің халық алдындағы есебіміз – ол тұрғындардың наразылықтарын анықтап, оларды қандай мәселелер толғандыратынын білуге болатын индикатор.