
Балқашта халықтың әлеуметтік осал топтарынан 21 отбасы жаңа пәтер кілтіне ие болды. Тұрғын үй "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды.
Қоныс иелеріне пәтерлер Қоңырат шағын ауданындағы Балқаш көшесіндегі және 9 шағын ауданындағы №45 танхаустағы төрт үйден жалға берілді.

– Жылы әрі жайлы, кең, балалардың қуанышты күлкісі естілетін, бақыт пен өзара түсіністік орнайтын лайықты тұрғын үйдің болуы кез келген отбасының, тіпті көп балалы отбасының өмірінде өте маңызды, – деп атап өтті Балқаш қаласының басшысы Ораз Тәуірбеков. – Бұл қамқорлық – тәуелсіз мемлекетіміздің азаматтарын қолдаудың ең үздік шараларының бірі. Қалада "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру одан әрі жалғасатын болады.
Шаршы метрдің иегерлері қатарында Балқаштың көп балалы тұрғыны Әлия Рыспекова да бар. Ол алты баланың анасы. Үлкен қызы 16 жаста, ең кішісі 2 жаста. "Күміс алқа" белгісімен марапатталған. Кезекте әйел бір жылдан астам уақыт тұрды, сондықтан ол әлі күнге дейін болған жағдайға сене алар емеспін дейді.
– Бұған дейін біз бүкіл отбасымызбен пәтер жалдап, 70 мың төледік. Бұл отбасылық бюджет үшін өте қиын, – дейді Әлия Рыспекова. – Қазір жалға алу қолжетімді. Мен жөндеу жұмыстарын жүргіземін, үйге түрлі заттарды сатып аламын және күтпеген бақытқа қуанып отырмын.
Бүгінде Балқашта тұрғын үй алу кезегінде 1 767 адам тұр.