
Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Қарсақпай кентінде 100 орындық жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмысын бастады. ДСК "Жұмыспен қамту жол картасы – 2020–2021" мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған.
Спорт кешені орталық сумен жабдықтауға және жылытуға қосылған. Онда волейбол мен баскетболға арналған үлкен зал бар.

Сондай-ақ бокс, каратэ және күрес секциялары жұмыс істейді.
