
Қазақстанның барлық әуежайларында eGov Mobile цифрлық құжаттар сервисі енгізілді. Енді ішкі рейстердің жолаушылары сандық жеке куәлікті ұсына алады.
Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile-да авторландырылған пайдаланушы "цифрлық құжаттар" сервисіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдауы қажет. Әуежайдың тіркеу тағанында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде сервисте жасалған QR-коды бар смартфонның экранын көрсету қажет.
Қазақстандықтарда ішкі рейстерде цифрлық жеке куәлікті пайдалану мүмкіндігі министрліктердің, авиациялық әкімшіліктің, авиакомпаниялар мен әуежайлардың, "Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ жүйелерін интеграциялаудың арқасында пайда болды.