Қарағанды облысында 21 желтоқсанда тексеріс мақсатында электр дабылдары қосылады

Қарағанды облысында 21 желтоқсанда тексеріс мақсатында электр дабылдары қосылады

Дабыл электр сиреналары 21 желтоқсанда сағат 10:00-де Қарағанды өңірі бойынша қосылады. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарландыру жүйелерінің іске қосылатыны туралы хабарлады.

Республикалық жүйенің дайындығын тексеру үшін электросиреналар «Баршаның назарына!» сигналы бойынша іске қосылады.

«2021 жылғы 21 желтоқсанда сағат 10:00-де Қарағанды облысының аумағында орналасқан барлық дыбыстық электр дабылдары іске қосылады. Сабырлық сақтауды және үрей мен қауесетке бой алдырмауды сұраймыз», – деді Қарағанды облысының ТЖД аймақ тұрғындарына.

instagram.com