Зардап шеккендер жайлы ақпарат

Зардап шеккендер жайлы ақпарат

Пресс-релиз


Ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарына қараған түні Қарағанды қаласындағы «Древний Рим» мейрамханасында жанжал пайда болып, соңы жаппай төбелеске ұласып кетті. Оқиға барысында бір адам қаза болып, тағы үшеуі түрлі деңгейде жарақаттар алған. 1991 жылы туылған екі зардап шегуші ауруxанаға аяқтарына пышақпен шаншылған-тілінген жарамен келіп түскен. Қазіргі таңда олар амбулаторлық емдеуден өтіп жатыр. Үйлеріне жіберілді. 1992 жылы туылған тағы бір жігіт ауруxанаға оң жақ көкірегінен шаншылған-кесілген жарамен жеткізілген. Қажетті медициналық көмек көрсетілген соң ол жан сақтау бөлімінен шұғыл бөлімге ауыстырылды. Оның денсаулығы тұрақты деп танылып отыр, зардап шегуші дәрігерлердің бақылауында.

Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі