
Қарағандылықтарды FameLab ғылыми коммуникациялар саласындағы халықаралық байқауға қатысуға шақырады. Шараны British Council компаниясы ұйымдастырды.
FameLab – ғылыми коммуникациялар саласындағы ірі байқаулардың бірі. Өтініштер 11-ші қаңтарға дейін қабылданады.
Ақтық сайысқа түспес бұрын қатысушылар іріктеу кезеңнен өтуі тиіс. Ол үшін www.britishcouncil.kz сайтында сауалнама толтырып, байқау үшін арнайы түсірілген бейне роликке сілтемені жіберу керек. Бейнеде монтаж, арнайы эффекттер, фондық музыка және мөлшерден тыс реквизиттер пайдалануға тыйым салынады. Қазылар алқасы тек ұзақтығы үш минуттан аспайтын роликтерді ғана қарайтын болады.
Іріктеуден өткендер Ұлыбританияда Cheltenham Festivals сахнасында өтетін байқаудың финалына қатыса алады. Бұл кезеңбе қатысушылардың басты міндеті – үш минут ішінде ғылыми концепциясын ағылшын тілінде таныстыру. Қатысушыларды үші негізгі өлшемшарттар бойынша бағалайды: сенімділік, харизмалық және барынша аз уақыт аралығында нақты және қызықты тұсаукесер құрастыра алуы.
Байқауға 21-ден 40 жасқа дейінгі жас аралығындағы, технология, медицина, биология, химия, физика, математика саласында жұмыс істеп немесе білім алып жатқан кез-келген адам қатыса алады.
FameLab ұлттық кезеңінің жеңімпазына 750 мың теңге көлемінде сыйлық тағайындалады. Екінші және үшінші орындар үшін 350 теңге көлемінде марапат қарастырылған.
Бүған қоса, ұлттық финал жеңімпазы Ұлыбританияға аттанады, онда пікірлес және осы секілді байқаулардың бұрыңғы жеңімпаздарымен араласу мүмкіндігіне ие болады.
Байқаудың шарттары туралы толығырақ www.britishcouncil.kz сайтынан білуге болады.